"Астана" командасының бас директоры қызметінен кетті

©Vesti.kz©

"Астана" командасының бас директоры Тастанбек Есентаев қызметінен кетті. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлады. 

Бұл қызметке Тастанбек Құтжанұлы өткен жылдың тамыз айында келген болатын. 

Енді алдағы уақытта клубтың бас директоры қызметін уақытша Арсылан Беспаев атқарады. Ол осыған дейін елордалық команда сапында атқарушы директор қызметінде болған. 

Айта кетейік, ҚПЛ маусымының аяқталуына бір тур қалғанда "Астана" командасы "Ақтөбеден" екі ұпай ұзап, бірінші орында келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport