Футбол
18 тамыз 2021 17:58

"Астана" командасының бас директоры Давид Лория қызметінен қуылды

Давид Лория. Сурет: ҚФФ

Елордалық "Астана" командасының бас директоры Давид Лорияны қызметінен қуып жіберді. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады. 

"Дәл қазір еліміздің вице-премьері Ералы Тоғжановтың өзі "Астана" футбол командасының бас директоры Давид Лорияны жұмысынан қуып жіберді. Оның орнына Тастанбек Есентаев тағайындалды. 

Бірнеше күн бұрын ғана Есентаев "Астана кәсіпқой спорт клубының" басшысы қызметіне кіріскен. Ал бүгін мынадай өзгеріс болды. Бұл азамат туралы жақсы да, жаман да ештеме айта алмаймын. Себебі мен оны жеке танымаймын. Тек ол бұған дейін жекпе-жек спортында жүргенін ғана білемін. Қарағандыда боксшыларды ма, кикбоксшыларды ма жаттықтырған. Ал футболда мүлде жұмыс істемеген", - деп жазады дереккөз. 

Еске салайық, Лория "Астана" сапындағы жұмысын өткен жылдың қазан айында бастаған еді. 

Биылғы маусымда елордалық команда 19-турдан кейін 41 ұпай жинап, екінші орында келеді. Команда еурокубок жарыстарының барлығынан шығып қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport