Футбол
7 қазан 2021 22:24
 

"Астана" командасына трансфер жасауға тыйым салынды

  Пікірлер

blog.share

"Астана" командасына трансфер жасауға тыйым салынды ©"Астана" ФК

"Астана" командасына "Копенгаген" командасына қарызы үшін жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салынды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz порталы. 

blog.share

"Астана" командасына "Копенгаген" командасына қарызы үшін жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салынды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz порталы. 

Елодалық команда "Копенгагенге" шабуылшы Пиерос Сотириу үшін қомақты ақша қарыз болып қалған. Бұл қарыздың қайтарылуы уақыты өтіп кеткен. Сол үшін де даниялық команда ФИФА-ға шағым білдірген. Содан соң Халықаралық футбол федерациясы "Астана" командасына трансфер жасауға тыйым салған. 

Айта кетейік, Сотириу "Астана" сапында 2020 жылдың ақпаны мен 2021 жылдың қаңтары аралығында өнер көрсетті. Жалпы ол елордалық ұжым сапында 17 кездесуге қатысып, жеті гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Шабуылшыны қазақстандық команда 1,5 миллион еуроға сатып алған. 

2021 жылдың ақпан айында Сотириу "Лудогорец" сапына ауысты. Transfermarkt ақпараты бойынша, болгариялық клуб бұл трансфер үшін "Астанаға" 800 мың еуро берген. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!