Футбол
29 қазан 2021 16:35

"Астана" командасына ресми түрде трансфер жасауға тыйым салынды

©"Астана" ФК

"Астана" футбол командасына ресми түрде трансфер жасауға тыйым салынды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы ресми сайтында хабарлады.

ФИФА ұйымының дауларды реттеу палатасының шешімі бойынша, "Астана" футбол клубына айыппұл салынды. Қазақстандық команда румыниялық футболшы Дорин Ротариудың алдындағы міндеттерін орындамағаны үшін кінәлі болып саналды.

Осыған байланысты Қазақстан футбол федерациясы "Астана" футбол клубына алдағы үш трансферлік кезеңде жаңа ойыншылар тіркеуіне тыйым салады. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport