"Астана" командасы "Ордабасы" мен Қазақстан құрамасының футболшысын сатып алмақшы

27 қыркүйек 2022 18:20
©"Ордабасы" ФК

Елордалық "Астана" командасы қысқы трансфер кезеңінде биылғы ҚПЛ-дегі ең үздік ойыншылардың бірі Эльхан Астановты қатарына қосуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Астана" командасы осы маусымның басында "Ордабасы" шабуылшысына қызығушылық білдірген болатын. Бірақ ол кезде Астанов Шымкентте қалуды жөн көрді. Сол уақыттан бері оның деңгейі де өсті. Қазақстан құрамасының тұрақты ойыншысы болды. 

Қыста "Астана" командасының бапкерлері команданы жаңартпақшы. Командаға қосылатын футболшылардың көшін Астанов бастап тұр. 

Айта кетейік, биыл Астанов "Ордабасы" сапында ҚПЛ-дің 20 кездесуіне қатысып, 7 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы бұл футболшыны 500 мың еуроға бағалап отыр. Шабуылшының шымкенттік командамен келісімшарты келесі жылы жазда аяқталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар