"Астана" командасы Қазақстан құрамасының қорғаушысын қатарына қосқанын хабарлады

©"Ордабасы" ФК

"Астана" Қазақстан құрамасының 33 жастағы қорғаушысы Тимур Досмағамбетовпен келісімшартқа отырғанын хабарлады.

Тимур елордалық клубқа еркін агент ретінде ауысты. Ол жаңа командада 27-ші нөмірмен өнер көрсетпек.

Тимур Досмағамбетов – Көкшетау футболының түлегі. Ол Қазақстан чемпионатында бас-аяғы 290 кездесу өткізіп, 29 гол мен 26 нәтижелі пастың авторы атанды.

Қазақстан құрамасында 13 ойын өткізген.

Досмағамбетовтің соңғы клубы қарағандылық "Шахтер" болды. 33 жастағы футболшы "кеншілер" сапында 14 кездесуге қатысып, 5 гол соқты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport