"Астана" командасы "Қайсардың" капитанымен келіссөз жүргізуде

30 желтоқсан 2021 14:59
©"Қайсар" ФК

"Қайсардың" капитаны Думан Нәрзілдаев "Астананың" назарына ілікті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Нарзілдаев қызылордалық клубта қалғысы келмейді, өйткені "Қайсар" ҚПЛ-дан шығып кетті. Оған бірнеше команда қызығушылық танытқанымен, Meta-ratings.kz ақпараты бойынша,  Думанның өзі "Астананы" негізгі нұсқа ретінде қарастырады. Алайда елордалық клуб оны алатынына толық сенімді емес, өйткені Нәрзілдаев бұған дейін тек "Қайсарда" ойнап, басқа командаларда бағын сынап көрмеген.

28 жастағы орталық жартылай қорғаушы жақын арада өзінің болашағы туралы шешім қабылдайтын болады, сондықтан "Астана" жылдамырақ әрекет етуі қажет.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: