Футболдан Беларусь құрамасының қорғаушысы Денис Поляков "Астана" командасымен келісімшарт жасайды. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлады.
30 жастағы қорғаушы қазір команданың қатарында. Ол бүгін жолдастық кездеуге де қатысу керек.
Ал "Астана" болса жуық арада Поляковпен келісімшарт жасағаны туралы хабарлайды.
Айта кетейік, бұған дейін қорғаушы екі маусым "Қайрат" сапында ойнады. Одан бөлек, ол БАТЭ, АПОЭЛ және "Урал" командаларының намысын қорғаған.
Еске салайық, бұған дейін "Астана" "Қайраттың" армениялық қорғаушысы Камо Оганесянды өз қатарына қосып алған болатын.