"Астана" командасы жаңа бас бапкерін таныстырды

13 қыркүйек 2022 14:39
©"Астана" ФК

"Астана" командасы Григорий Бабаянның бас бапкер болып тағайындалғанын ресми хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Елордалық команда сапында 2013-2018 жылдары жұмыс істеген Бабаян бұл қызметте сербиялық Срджан Благоевичтің орнына келді. 

"Астана" командасы сербиялық маманмен еурокубокте сәтсіз ойнап, Қазақстан біріншілігінде "Ақтөбеден" екі ұпай қалып, екінші келе жатты. 

Бабаян жұмыс істегенде "Астана" Қазақстанның бес дүркін чемпионы болды. Сонымен қатар, Суперкубок пен Қазақстан кубогін иеленді. Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне, Еуропа лигасының 1/16 финалына шықты. 

Еске салайық, осыған дейін "Астана" командасына Саян Хамитжановтың қайта оралғаны белгілі болған еді. Ол бас директордың кеңесшісі болды. 

Ал 42 жастағы Бабаянның соңғы жұмыс орны ЦСКА командасы еді. Мәскеулік командада ол бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар