"Астана" командасы "Алтын доп" иегерінің ұлына ресми ұсыныс жасады

©Digisport

Елордалық "Астана" командасы 26 жастағы бразилиялық шабуылшы Ривалдиньоға қызығушылық білдіруде, деп жазады KazFootball.kz порталы Digisport басылымына сілтеме жасап. 

Ривалдиньо Бразилия құрамасы мен "Барселонаның" жартылай қорғаушысы, 1999 жылы "Алтын доп" иегері Ривалдоның ұлы. 

Дереккөздің хабарлауынша, Ривалдиньо қазір өнер көрсетіп жүрген польшалық "Краковия" командасының кеткісі келеді. Себебі ол команданың негізгі құрамынан орнын жоғалтып алған. 

Шабуылшы осы айда "Астана" командасының жалға алу туралы ұсынысынан бас тартқан. Футболшы АҚШ немесе Бразилияда өнер көрсетуге ниетті. 

Жалпы өз карьерасында Ривалдиньо 161 кездесу өткізіп, 32 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport