"Астана" клубына қанша миллиард бөлінгенінің есебі жария етілді

Сурет: "Астана" ФК

"Астана" ФК өзінің ресми сайтында 2020 жылдың қаржылық есебін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Өткен маусымда клубқа 11 миллиард 228 миллион 419 мың теңге бөлініпті. Оның: 11 миллиард 57 миллион 919 мың теңгесі - клуб құрылтайшысынан демеушілік көмек -  "Президенттік "Астана" кәсіпқой спорт клубы" корпаративтік қоры; 125 миллион теңге - букмекерлердің демеушілік көмегі; 45,5 миллион - "Президенттік "Астана" кәсіпқой спорт клубы" корпаративтік қорынан пайызсыз қайтарылатын қарыз түріндегі салымдар мен жәрдем.

Клуб жарнама мен демеушіліктен, билет сатудан, трансляция құқы мен ойыншыларды тіркеуден, жүлделі орын үшін УЕФА ұйымынан да төлем алды. Ал агенттер мен делдалдарға төлем құны 666 миллион 222 мың теңге болды.