"Астана" клубы осы маусымдағы бюджетін жария етті

©"Астана" ФК

"Астана" ФК 2021 маусымдағы бюджетін жария етті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Футбол клубы өз сайтында мәлімет жариялап, онда бюджет көлемі 15 миллиард деген ақпаратты жоққа шығарды. 

"Бірқатар БАҚ-та "Астана" клубының бюджеті 15 миллиард теңге деген ақпарат тарады.

Клуб бұл сомма асыра көрсетілгенін мәлімдейді: 2021 жылғы маусымдағы клуб бюджеті 5 миллиард теңге", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2021 жылғы маусымда "Астана" футболдан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport