auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Астана" - Қазақстанның ең үздік клубы - Марин Аничич

"Астана" - Қазақстанның ең үздік клубы - Марин Аничич
Марин Аничич. fca.kz сайтынан
«Астана» командасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары барысындағы екінші кездесуін босниялық «Железничар» командасына қарсы өткізеді. Елордалық ұжым сапындағы Балқан түбегінің өкілі – Қазақстан Премьер-Лигасының үздік орталық қорғаушыларының бірі Марин Аничич қарсыластары туралы елордалық клубтың баспасөз қызметіне сұхбат берді.

- Марин, оқу-жаттығу жиындары қалай өтуде? Жаттығу жиынына жасалған жағдайларға «Астана» ойыншыларының көңілі тола ма?

- Бізге жаттығу жұмыстары үшін барлық жағдай жасалған. Жігіттер барын салып алдағы маусымға дайындалып жатыр. Орналасқан жеріміз, тамағымыз және жаттығу жұмыстарынан кейінгі демалысымызға Дубайда болсын, Түркияда болсын өте жақсы жағдай жасалған. Ең бастысы, бізге қарсы ойнайтын командалардың барлығы жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсетіп жүрген мықты ұжымдар.

- Түркияда өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиыны барысында украиналық «Александрия» командасына қарсы өткізген алғашқы кездесуде жеңісті ұстап қала алмадыңыздар. Өкініш бар ма?

- Әрине бар. «Астана» - Қазақстанның ең үздік клубы. Біз кез келген ойында жеңіске жеткіміз келеді және де біз бұл кездесуде қарсыластарымыздан бір бас жоғары ойнадық.  Бірақ, кейде сәтсіздік жетіспей жатады. Бүгін бұйырса командамен сол кездесуді талдаймыз. Бапкерлер ойында жіберген қателіктерімізді көрсететін болады. Біздің басты мақсатымыз- жіберген қателіктерімізден лайықты қорытынды шығарып, келесі кездесулерде жеңіске жету.

- Келесі ойынды өз отандастарың «Железничар» командасына қарсы өткізесіздер. Бұл команданың ойынын бақылап тұрасыз ба?

- Иә, әрине. «Железничар» Босния және Герцеговинадағы, жалпы Балқан түбегіндегі тарихы терең, ең мықты командалардың бірі.  Бұл клубта өнер көрсеткен көптеген ойыншылар қазіргі таңда Европаның маңдай алды чемпионаттарында доп тебеді. Жалпы, менің ойымша ертең бізді өте ауыр, әрі қиын ойын күтіп тұр.

- Марин,  сіз босниялық «Зриньски» сапында ойнаған кезде «Железничарға» қарсы кездесу нағыз дерби болып саналатын. Командалар қаншалықты бір-бірімен теке-тіреске түсетін еді?

- Ол шын мәнінде нағыз дерби болатын. Сіз менен ертеңгі кездесуде бұл ұжымға қарсы қандай ойын көрсетесің деп, ескі жараның бетін тырнағыңыз келіп отыр ғой!? Менің жауабым дайын. Ертеңгі ойында барымды саламын.

- «Железничар» командасының ойын мәнері туралы айта кетсеңіз?

- «Железничар» командасы жақында ғана бас бапкерін алмастырды. Жаңа бапкер агрессивті шабуылдаушы команда құрғысы келеді. «Желазничар» алаңда өзін қожайын сезініп, физикалық мүмкіндіктерін жоғары деңгейде көрсетуге тырысатыны анық. Бұл команданың орталық алаңында және шабуыл шебінде уақытында шешім қабылдай алатын, өз істерінің нағыз мамандары жетерлік.

- «Железничар» сапынан кімді ерекше атап өтер едіңіз?

- Мен бұл команданың толық құрамымен таныс емеспін. Команда сапында «Зриньски» клубының 4 түлегі ойнайды. Лендрич есімді мықты шабуылшы бар. Орталық алаңда команда капитаны Зайко Зеба – өте мықты, тәжірибелі ойыншы. Оң жақ қапталда команданың бас жұлдызы – Испания чемпионатындағы «Севилия» командасында ойнаған, Босния ұлттық құрамасының намысын қорғайтын, тәжірибесі мол, Мирослав Стефанович бар. Осы үшін ойыншы «Астана» командасы үшін қауіпті болмақ.

- «Железничар» сапында кіммен араласып, хабар алысып тұрасың?

- Жоғарыда атап өткен Лендричпен және қапталдағы қорғаушы Стояновичпен жақсы араласып тұрамын. «Зриньски» сапында бірге ойнаған Закаричпен доспыз.

- Ертеңгі болатын ойын туралы осы футболшылармен сөйлесіп, кімнің басым түсетінін талқылап көрдіңіздер ме?

- Иә, әрине. «Железничар» ойыншылары ертеңгі кездесуде барымызды саламыз деп отыр. Көреміз.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама