Футбол
6 желтоқсан 2021 18:11

"Астана" Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысын қатарына қоспақшы

©"Каспий" ФК

32 жастағы Қазақстан құрамасы мен ақтаулық "Каспий" командасының жартылай қорғаушысы Асылан Дарабаев Срджан Благоевичтің артынан "Астана" сапына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлады. 

Дарабаев "Каспий" сапында Благоевичтің ең сенімді футболшыларының бірі болды. Оның үстіне қазақстандық футболшының ойыны бас бапкердің стиліне де келеді. 

Сондықтан да "Астана" командасының бапкерлері Дарабаевты жартылай қорғанысты күшейту үшін сатып алмақшы. 

Биыл Асылан Дарабаев Қазақстан чемпионатында "Каспий" үшін 24 кездесуге қатысып, 4 гол соғып, екі нәтижелі пас берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport