"Астана" Қазақстан құрамасының екі футболшымен келісімшарт жасауы мүмкін

©"Тараз" ФК

 "Астана" командасы қақпашы Мұхаммеджан Сейсен мен шабуылшы Айдаб Жақсылықовты қатарына қосуы мүмкін, деп хабарлайды pass_goal. 

Екі ойыншы да елордалық команда сапында қыста ауысуы мүмкін. Қазір бұл екі футболшы да Қазақстан құрамасы сапында жүр. 

Сейсен "Тараз" сапында биыл 23 кездесуге қатысып, 28 гол жіберді. Жақсылықов болса "Жетісу" командасында 15 кездесуге қатысып, төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берген. 

Еске салайық, қазір "Астана" командасы Қазақстан чемпионатында көш басында келеді. Ал Қазақстан құрамасы болса 9 қазан күні Босния және Герцеговина, 12 қазан күні Финляндияға қарсы кездесу өткізеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар