"Астана" футболдан Қазақстан кубогінің плей-офф кезеңіне өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Елордалық команда өз алаңында талдықорғандық "Жетісуды" ұтты.
Сегізінші минутта Бауыржан Тұрысбек "Жетісуды" есепте алға шықарды.
Алайда төрт минуттан кейін "Астананың" жартылай қорғаушысы Жереми Манзорро есепті теңестірді.
90-минутта Манзорро пенальтиді сәтті орындап командасына жеңіс сыйлады.
Бұл матчтен кейін "Астана" 9 ұпаймен топта екінші болып, плей-офф кезеңге кепілді түрде өтіп отыр. Ол кезеңге бірінші орынмен "Шахтер" (10) шыққан.