"Астана" Қазақстан кубогіндегі "Ақтөбемен" матчке көрермен кіргізеді

Сурет: "Астана" ФК

Футболдан Қазақстанның Olimpbet кубогіндегі "Астана" - "Ақтөбе" матчіне билеттер сатылымы бсталды, деп хабарлайды астаналық клубтың баспасөз қызметі. 

Топтық кезеңдегі екінші тур ойыны 16 шілдеде "Астана Аренада" өтеді, басталу уақыты - 19:00. 

Стадион кассалары матч күні жұмыс істейді. Әзірше билеттерде тек онлайн түрде алуға болады.

Еске салайық, Нұр-Сұлтан короновирус инфекциясына шалдығу бойынша қызыл аймақта. "Астана Аренада" Ashyq қосымшасы қолданылады.