"Астана" - "Қайсар" мен ҚПЛ-дің 10-шы турындағы тағы екі ойынына тікелей трансляция

24 қыркүйек 2020 13:35
Бүгін, 24 қыркүйекте футболдан Қазақстан премьер-лигасы оныншы турының үш матчі өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші талдықорғандық "Жетісу" мен қарағандылық "Шахтер" арасындағы матч. Басталуы -Қазақстан астанасының уақытымен 13:30.

15:45-те шымкенттік "Ордабасы" мен петропавлдық "Қызыл-Жар СК" ойнайды.

Ал 18:00-де "Астана" мен қызылордалық "Қайсар" кездесу өткізеді.

Барлық матчті Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.