"Астана", "Қайрат" пен "Тобылдың" еурокубоктардағы матчтеріне тікелей трансляция

Сурет: "Қайрат" ФК©

Бүгін, 12 тамызда қазақстандық үш клуб еурокубоктардағы қарымта матчтерін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz

Конференция лигасы үшініші іріктеу раунды аясында "Астана" өз алаңында финляндиялық КуПС командасымен ойнайды. Басталуы 19:00-де. Бұл кездесуді "Ел Арна" тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді. Бірінші матч есебі - 1:1.

"Тобыл" сырт алаңда "Жилинамен" кездесу өткізеді. Басталуы 22:45-те. Бұл ойынды Qazsport көрсетеді. Бірінші матч есебі - 0:1.

"Қайрат" сырт алаңда армениялық "Алашкертпен" ойнайды. Басталуы 21:00-де. Бұл кездесуді Qazaqstan арнасынан тамашалай аласыз. Бірінші матч есебі - 0:0.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport