"Астана", "Қайрат" және өзгелері. Қазақстан чемпионаты 14-ші турының екінші күн ойындарына тікелей трансляция

Сурет: "Астана" ФК
Бүгін, 22 қазанда футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-лига командалары арасындағы екінші ойын күні өтеді,- деп хабарлайды Vesti.kz

14-ші тур аясында төрт матч өтеді. Осылайша, 14:00-де "Ордабасы" - "Жетісу" және "Қайсар" - "Шахтер" кездесуі басталады. Ал 17:00-де "Астана" мен "Тобыл" кездесуін бастайды. Одан кейін 19:00-де "Қайрат" пен "Каспий" арасындағы ойын басталады.

"Қайсар" - "Шахтер" арасындағы кездесуден өзге ойындарды Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция арнаның ресми сайтында қолжетімді.
Жаңалықтар