"Астана", "Қайрат" және "Қызыл-Жардың" Конференция лигасындағы қарсыласы анықталды

©УЕФА

Бүгін, 15 маусым күні Ньон қаласында Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Жеребенің қорытындысы бойынша "Қызыл-Жар" командасының қарсыласы хорватиялық "Осиек" болды. "Астана" польшалық "Ракув" командасына түссе, алматылық "Қайрат" венгриялық "Кишварда" клубымен ойнайды. 

Айта кетейік, екінші іріктеу кезеңдерінің ойындары 21 және 28 шілде күндері болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар