Бүгін, 15 маусым күні Ньон қаласында Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Жеребенің қорытындысы бойынша "Қызыл-Жар" командасының қарсыласы хорватиялық "Осиек" болды. "Астана" польшалық "Ракув" командасына түссе, алматылық "Қайрат" венгриялық "Кишварда" клубымен ойнайды.
Айта кетейік, екінші іріктеу кезеңдерінің ойындары 21 және 28 шілде күндері болады.