"Астана", "Қайрат" және Қазақстан кубогінің 1/8 финалындағы өзге матчтерге трансляция

©"Қайрат" ФК

Бүгін, 19 сәуірде футболдан Қазақстан кубогінің 1/8 финал ойындары өтеді. Қарымта матчтер 29 сәуірге белгіленген, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алаңға бүгін "Каспий" - "Тұран" (15:00), "Қызыл-Жар" - "Жетісу" (15:00), "Ақтөбе" - "Атырау" (17:00), "Шахтер" - "Оқжетпес" (17:00), "Қайрат" - "Ақжайық" (19:00), "Тобыл" - "Ақсу" (20:00), "Астана" - "Қайсар" (21:00) және "Ордабасы" - "Мақтаарал" (21:00) жұптары шығады.

"Каспий" - "Тұран", "Ақтөбе" - "Атырау", "Қайрат" - "Ақжайық" және "Астана" - "Қайсар" кездесуін Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.

Өзге ойынарды ҚКФЛ-ТВ арнасынан тамашалауға болады:

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport