Ақпарат бойынша, 9 шілдеде футболшыға Венада операция жасалады. Сәуірде Цукудян экстрасистолаға (жүрек бұлшық етінің кезексіз, уақытынан бұрын жиырылуы) байланысты лазерлі операция жасатқан. Үш айдан кейін ол қалыпқа келеді деп жоспарланған еді, алайда, ойыншыға қайтадан дәрігерлер көмегіне жүгінуге тура келді.
Цукудянның сырқатына байланысты ЧФР басқа шабуылшыны сапына қоспақ. Өткен маусымда 28 жастағы форвард 28 матчта 18 гол салып, Румыния чемпионатының үздік бомбардирі атанды.
Еске салайық, "Астана" мен ЧФР бірінші матчін 9 шілде Қазақстанда өткізеді, ал бір аптадан кейін Румынияда ойнайды. Бұл жұп жеңімпазы ЧЛ-дің екінші раундына өтеді, ал ұтылғаны Еуропа лигасында ойнайды.