"Астана" қарағандылықтарды ұтты

Сурет: "Астана" ФК

"Астана" футболдан Қазақстан чемпионатының 19-турында "Шахтерді" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан астанасында өткен кездесу 4:3 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

"Астана" алтыншы минутта-ақ есеп ашты - гол авторы Макс Эбонг. 20 минуттан кейін Валерий Чуперкка екінші голды салды. 

Бірінші тайм соңында "Шахтер" сапынан Иван Свиридов бірінші голды салды. Алайды 55-минутта Абат Айымбетов астаналықтар есебін еселей түсті. 63-ші минутта Дмитрий Непогодов допты қақпадан сәтсіз шығарды, мұны "Астана" сапынан Геворг Наджарян ұтымды пайдаланды.

77-минутта минутта Барсегян, осыдан кейін бірден Ескендір Қыбырай салған доптар қарағандылықтарға тең ойынға үміт сыйлады. Дегенмен есепте өзгеріс болған жоқ. 

Үш ұпай жинаған "Астана" турнир кестесінде бірінші болды, "Тобылдан" екі ұпай артық. Алайда ертең, 3-шілде қостанайлықтар "Тұранға" қарсы ойында көш басына шығуы мүмкін. 

Жаңалықтар