"Астана" қақпашысы клубта қызметке тағайындалуы мүмкін

"Астананың" қақпашысы Ненад Эрич клубта қызметке тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы "Гол емес" телеграм арнасы хабарлап отыр.

Мәлімет бойыша, "Астананың" бас бапкері Андрей Тихонов Эричке қақпашыларды жаттықтыруды ұсынбақ. Ресейлік маман сербиялықты өзінің бапкерлер штабына қосқысы келеді. 

"Астана" сапында Эрич он маусым бойы ойнап келеді. Астаналық командамен ол Қазақстанның алты дүркін чемпионы болған.