"Астана" қақпашы Александр Заруцкийді командада қалдыратын болды

2 желтоқсан 2021 23:10
©"Қайсар" ФК

"Астана" футбол командасы қақпашы Александр Заруцкийді клубта қалдыруы мүмкін. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлады.

Осыған дейін қақпашыға ресейлік "Химки" командасы қызығушылық білдіргені айтылған еді. Заруцкийдің өзі де карьерасын Ресейде жалғастыруға ниетті. 

Бірақ біздің қолда бар ақпарат бойынша, елордалық команда бағана күзетшісіне жаңа келісімшарт ұсынады. 

Еске салайық, Қазақстан чемпионатының бірінші айналымында "Астана" командасының бірінші нөмірлі қақпашысы Дмитрий Непогодов болған еді. Алайда екінші айналымда Александр Заруцкий бірінші нөмірлі қақпашы атағын жеңіп алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: