"Астана" Кабанангамен қоштасады

Жуниор Кабананга. Сурет: "Астана" ФК
"Астана" форварды Жуниор Кабананга командадан кетуге жақын, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Шабулышы Сауд Арабиясының "Аль-Наср" командасынан жалға алу құқығымен келген. Бұл келісім аяқталуға жақын. Чемпиондар лигасы алдында "Астана" бұл позицияға басқа ойыншы алуға ниетті, сондықтан конголық футболшы "Аль-Наср" сапына оралады.

Айта кетейік, Кабананга ҚПЛ-дің 14-ші туры "Қайсарға" қарсы матчте ойнамады (4:1). Премьер-лиганың биылғы маусымында форвард 14 матч өткізіп, екі гол салды және екі нәтижелі пас берді. 

"Астанаға" алғаш келгенде Кабананга 2015 пен 2017 жылдар аралығы ойнады. Астаналық клуб үшін барлық турнирдегі 94 матчте ол 37 гол соғып, тоғыз ассист жасады. 2018 жылы ақпанда конголезиялық футболшы "Аль-Насрға" өтіп, 2,5 жылға келісімшарт жасады. Трансфер құны екі миллион еуро, бұл сол кездегі қазақстандық футболдағы ең қымбат келісім болған еді. 

"Аль-Наср" үшін бес матчте Кабананга төрт гол салды. Бір жыл бұрын ол "Астанаға" қайта келді, алайда, нәтиже көрсетпеді.

Еске салайық, бүгін "Астана" Исландия құрамасының жартылай қорғаушысы Рунар Мар Сигурьонссонмен келісімшартқа отырғанын хабарлады. 
Жаңалықтар