Футбол
22 желтоқсан 2021 19:57
 

"Астана" жас ойыншыларға мүмкіндік бермек

  Пікірлер

blog.share

"Астана" жас ойыншыларға мүмкіндік бермек © "Астана" ФК

"Астана" клубының бас бапкері Срджан Благоевич команданың баспасөз қызметіне берген сұхбатында жаттығу жиынын қашан бастайтындарын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

"Астана" клубының бас бапкері Срджан Благоевич команданың баспасөз қызметіне берген сұхбатында жаттығу жиынын қашан бастайтындарын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"8 қаңтар күнінен біз Анталия қаласында маусымға дайындықты бастаймыз. Жиында 55 жаттығу мен 6-7 бақылау ойындарын өткізуді жоспарлап отырмыз. Қарсыластар әлі анықталған жоқ. Белгілі болған кезде жариялаймыз. Біз үшін жаңа маусым Қазақстан Суперкубогімен басталады.


Әрине, қазір "Астана" тізімінде тұрған барлық жас ойыншылар бізбен екінші жиыннан өтеді. Мен осы тізімдегі әр ойыншыны көргім келеді. Олардың өздерін көрсетуге мүмкіндіктері бар. Барлығына мүмкіндік бергім келеді. Бір ойыншы болсын сенімді ақтайды деп үміттенемін", — деді Благоевич мырза.

 

Естеріңізге сала кетейік, "Астана" клубын өткен айдың соңында 48 жастағы сербиялық маман Срджан Благоевич тізгіндеп, клубпен екі жылға келісімшарт жасаған еді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!