"Астана" жаңа легионерді сапына қосты

©fcshakhter.by

"Астана" футбол клубы сербиялық жартылай қорғаушы Игор Ивановичпен келісімшарт жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Игор мансабын сербиялық "Ягодина" құрамында бастады, бірақ танымалдыққа Беларусь чемпионатында ие болды. Солигорск "Шахтерінің" сапында 88 матч өткізіп, 17 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді. Негізінен оң қанаттағы жартылай қорғаушы ретінде ойнайды. Кеншілермен бірге ол үш дүркін чемпион атанып, Суперкубокқа қол жеткізді.

Клуб жаңа футболшы 30-нөмірмен ойнайтынын да хабарлады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар