"Астана" жаңа қорғаушымен толықты

Сурет: Астана фк

Еліміздің бірнеше дүркін чемпионы еурокубок ойындарының алдында шетелдік қорғаушыны қатарға қосты. Бүгіннен бастап албаниялық Энео Битри "Астана" сапында 26-шы нөмірмен доп тебетін болады. 24 жастағы ойыншы осыған дейін өз елінде "Тамори", "Камза" және "Партизани" командаларында өнер көрсеткен.

Енді албаниялық қорғаушы жуырда Испанияның "Кадис" клубына ауысқан Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Вараздат Ароянның орнын алмастыруға тырысады.

Өткен маусымда ішкі біріншілікте үшінші орын алған Андрей Тихонов шәкірттері биыл УЕФА-ның ұйымдастырған жаңа турнирі - Конференция Лигасында бақ сынайтын болады. Аталмыш турнирдің екінші айналымында Грекияның "Арис" клубы қазақстандық ұжымның қарсыласы атанбақ. Алғашқы ойын "Астана Аренада" 22-шілдеге жоспарланған.

Метки: