"Астана" жаңа бас бапкер бойынша бір шешімге келді

Сурет: "Астана" ФК
"Астана" футбол клубының басшылығы алдағы екі күнде жаңа бас бапкерді тағайындамақ,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Клубқа жедел түрде маман керек, өйткені командаға Қазақстан чемпионатының жалғасына дайындалу қажет. Ал бұл орынға үміткерлер тізімінен Украина, Беларусь және Болгария бапкерлері шығарылды, яғни,  Вячеслав Грозный, Юрий Вернидуб та астаналық клубты жаттықтырмайды.

Сонымен қоса, клуб қазақстандық бапкер Владимир Чебуринді де қарастырып жатқаны хабарланған.

Биылғы маусымда "Астана" алдымен чехиялық маман Михал Билекті, кейін британиялық Пол Эшуортты отставкаға жіберді. Соңғысы бапкерлікпен қоса, атқарушы директор қызметінде болған.
Жаңалықтар