"Астана" жаңа маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынында украиналық "Мариуполь" комадасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Украинаның жоғары лигасындағы клубпен ойын 3:2 есебімен аяқталды. "Астана" сапында Педро Эуженио, Камо Оганесян мен Станислав Басманов гол салды.
Бұл астаналық клубтың Срджан Благоевичтің жетекшілігімен өткізген алғашқы матчі.
18 ақпанда қазақстандық клуб донецктік "Шахтермен", ал төрт күннен кейін латвиялық "Лиепаямен" кездесу өткізеді.