Мәлімет бойынша, жаңа бапкер әлеуметтік желіде жазып жатқандай Курбан Бердыев емес. Миллиондаған қарызы бар "Рубиннің" бұрынғы бапкеріне астаналық клубтың қаржысы жетпейді. Оның үстіне Бердыев Ресейден ұсыныс күтіп отыр.
Жаңа бапкерді "Астана" 30 тамызда өтетін "Таразбен" матчтен кейін ресми таныстырмақ, ал ол ойында астаналық командаға бас бапкердің қызметін уақытша атқарып отырған Пол Эшуорт жетекшілік етеді.