"Астана" хорватиялық қорғаушыны командадан кетіреді

©"Астана" ФК

"Астананың" қорғаушысы Лука Шимуноввич елордалық командадан кетуге жақын, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

24 жастағы футболшы команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында жоқ. 

"Астана" командасы қорғаушының орнына басқа футболшы іздестіруге ниетті. 

Айта кетейік, "Астана" сапына хорватиялық легионер 2019 жылы ауысып келіп, сол жылы Қазақстан чемпионы атанды. Ал өткен маусымда қорғаушы Қазақстан біріншілігінде 25 ойынға қатысып, екі нәтижелі пас берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: