Футбол
10 маусым 2021 12:27

"Астана" грузиялық қорғаушыға көз тігіп отыр

Сурет: Sportbox

Тулалық "Арсеналдың" бұрынғы қорғаушысы Гиа Григалава карьерасын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Sport24.ru ақпаратынша, 31 ойыншыға "Астана" көз тігіп отыр. Елордалық клуб испаниялық "Кадиске" кететін Вараздат Ароянның орнына осы футболшыны алмақ сияқты.

Грузиялық ойыншы "Арсеналда" 2017 жылдың қаңтарынан өнер көрсеткен еді. Осы жазда оның келісімшарты аяқталды. 2020/21 маусымында Григалава 21 матч өткізіп, чемпионат соңына таман үш ойынға шеттелген болатын

Сонымен бірге, Григалава нижегородтық "Волга", "Анжи", ростовтық СКА, "Москва" және "Ростов" командаларында ойнады.

Transfermarkt порталы футболшының трансферлік құнын 800 мың еуроға бағалап отыр.