"Астана" футболшысын басқа клубқа берді

© "Астана" ФК
Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Сұлтан Сағынаев карьерасын "Каспийде" жалғастырады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

20 жастағы жартылай қорғаушы ақтаулық команда үшін жыл соңына дейін жалға беру құқымен ойнайды. 

Футболшы өткен мусымда "Астана-М" үшін тоғыз матч өткізіп, егі гол салды және үш нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, ол жалға алу құқымен павлодарлық "Ертіс" үшін де алты ойынға қатысқан. 

Хавбек Қазақстан жастар құрамасының барлық матчтерінде ойнаған. Transfermarkt мәліметінше, оның құны 300 мың еуро.