Футбол
15 қазан 2018 14:23
 
"Астана" футболшысы Ұлттар лигасының рейтингінде көш бастап тұр

  Пікірлер

blog.share

"Астана" футболшысы Ұлттар лигасының рейтингінде көш бастап тұр © azerisport.com

"Астананың" жартылай қорғаушысы Ричард Алмейда УЕФА-ның жаңа турнирі - Ұлттар лигасындағы пас берушілер рейтингінде көш бастап тұр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бразилиялық дәл пастарды ең көп берген футболшы - 298. Екінші орында оның Әзірбайжан құрамасындағы әріптесі Гара Гараев (276), ары қарай косоволық Херолинд Шала (253), сербиялық Милош Велькович (234) және молдовалық Александр Епуряну (233).

Айта кетейік, төрт ойыннан алты ұпай жинаған Әзірбайжан құрамасы D дивизионының үшінші іріктеу тобында екінші болып тұр. Бірінші орында Косово (8 балл), үшінші орында Фарер аралдары (4) және төртінші Мальта (2).

Алмейда төрт ойында 357 минут ойнап, екі гол салған. Сонымен қатар, ол бір рет ескерту алған. 

Шілдеде футболшы еркін агент ретінде "Астана" клубына өткен. Бразилиялықпен келісімшарт 2019 жылға дейін жасалған. Ұлттық чемпионат матчтарында ол бір гол салған. Соныме бірге, квалификациялық раундтарды есептемегенде жеті еурокубоктық матчқа қатысты. 

29 жастағы шабуылдайтын жартылай қорғаушының трансфері 1,5 миллион еуро. 

Жарнама

Живи спортом!