Футбол
10 қаңтар 2017 08:34
 

"Астана" футболшысы Максимович "Валенсиямен" келісім-шарт жасады

  Пікірлер

blog.share

"Астана" футболшысы Максимович "Валенсиямен" келісім-шарт жасады Неманья Максимович. Фото: 24sports.com.cy

Елордалық «Астана» клубы мен Сербия құрамасының жартылай қорғаушысы Неманья Максимович испаниялық «Валенсия» клубымен келісім-шартқа отырды. Бұл туралы Cadena SER хабарлайды.

blog.share

Елордалық «Астана» клубы мен Сербия құрамасының жартылай қорғаушысы Неманья Максимович испаниялық «Валенсия» клубымен келісім-шартқа отырды. Бұл туралы Cadena SER хабарлайды.

Дереккөздің таратқан мәліметі бойынша, келісім-шарт 2021 жылға дейін жасалған. Клуб пен футболшы шартнаманы тағы бір жылға созуы мүмкін. Бұған дейін, сербиялық футболшы бұл уақыт аралығында жаңа клубының сапында 7 миллион еуро алатыны хабарланған болатын.

21-жастағы Неманья Максимовичтің «Астана» клубымен 2017 жылдың жазына дейін келісім-шарты бар. «Валенсия» футболшыны қысқы маусым аралық трансфер кезінде 300 мың еуроға сатып алуы ықтимал. Максимовичтің өзі де бұған дейін қыста команда ауыстарыны туралы мәлімдеген еді. Клуб ауыстыру кезінде «Астананың» кедергі болмайтыны жайлы айтқан болатын.

Айта кетейік, Максимович «Астана» сапында 2015 жылдың ақпан айынан бері өнер көрсетіп келеді. Елордалықтардың сапында ол екі мәрте ел чемпионы атанып, бір рет Қазақстан кубогін жеңіп алды. Одан бөлек, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында өнер көрсетті. Өткен жылы Сербия жастар құрамасымен әлем чемпионы атанды. Ал, биыл Сербия ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы кездесуін өткізді.

«Астана» сапында өткізген екі маусымда Максимович ішкі біріншілікте 54 кездесуге қатысып, 9 мәрте гол соғып, 6 рет нәтижелі пас берді.

Жарнама

Живи спортом!