"Астана" футболшысы Ла Лигада ойнайтын командаға ауысады

Футболдан Армения құрамасының қорғаушысы Вараздат Ароян маусым айында "Астанадан" кетіп, карьерасын Испания чемпионатында жалғастырады, деп хабарлайды Meta-Ratings.kz.

Мәлімет бойынша, 28 жастағы футболшы испаниялық "Кадис" командасына 1 шілдеде қосылады. 

Ароян Ла Лигада өнер көрсететін командамен келісімшартын талқылап қойған екен. Дегенмен ол Испанияға бірден кетпейді, "Астана" үшін маңызды ай - маусымды аяқтап бірақ аттанады. Бұл айда астаналық команда "Тобыл" және "Ордабасымен" кездесу өткізеді.

Футболшы "Астана" сапына "Тамбовтан" ақпан айында келген. Содан бері 12 матч толық ойнап, бір гол салды. 

 "Кадис" Испания чемпионатында 12-ші келеді.