"Астана" футболшысы құрама сапында жүріп індет жұқтырған

Сурет: "Астана" ФК

"Астана" командасының қорғаушысы Жарко Томашевич Черногория құрамасының базасында коронавируске тапсырған тесті індет барын көрсеткен,- деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Осы себепті Томашевич жақын арада "Астана" сапына оралмайды. Футболшы Ұлттар лигасындағы Кипр (4:0) мен Әзірбайжанға (0:0) қарсы ойынға қатысқан жоқ.

12 қарашада Қазақстан құрамасы Черногориямен жолдастық кездесуде тең түскен еді (0:0).