Елордалық "Астана" командасының беларусь қорғаушысы Денис Поляков Хайфаның "Хапоэль" командасына ауысты. Бұл туралы израильдік клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Беларусь құрамасының 31 жастағы қорғаушысы жаңа командасымен бір жарым жылдық келісімшарт жасаған. Қазіргі уақытта "Хайфа" командасы Израиль чемпионатында 11-орында келеді.
Биыл Поляков "Астана" командасымен Қазақстан чемпионы атанды. Ол ҚПЛ-де 18 кездесуге қатысып, 1 гол соқты.
"Астанаға" ауысарға дейін қорғаушы 2020-2021 жылдары алматылық "Қайрат" командасының намысын қорғады.
Transfermarkt.de ақпараты бойынша, Поляковтың трансфердегі бағасы 500 мың еуро екен.