"Астана" футбол клубының әкімшісі қызметінен босатылды

Сурет: "Астана" ФК

"Астана" футбол клубының 37 жастағы аға әкімшісі Вячеслав Бегунов қызметінен босатылды,- деп хабарлайды KazFootball.kz.

Астаналық клубта ол 2015 жылдан бері істеп келген. Оның орнына бұл қызметке 39 жастағы Игорь Павлюк келді. Биыл "Астана" футбол орталығына менеджер етіп тағайындалған. Сонымен қоса, Павлюк - астаналық команданың тәлімгері. 

Айта кетейік, екі маманда да Ресей азаматтығы бар.