"Астана" франциялық футболшыны қатарына қосты

©"Астана" ФК

"Астана" футбол клубы 30 жастағы франциялық жартылай қорғаушы Жереми Манзорромен келісімшартқа отырды.

Жереми өзінің мансабын Францияның "Реймс" командасында бастаған, алғашқы ойынын 2010 жылы өткізген. Содан соң Болгария чемпионатында "Черноморец" пен софиялық "Славия" клубтарында 80 матч өткізіп, 16 гол салып, 12 нәтижелі пасымен көзге түскен.

2018 жылы "Судува" командасымен Литва чемпионы атанды, ал келесі маусымда "Жальгирис" сапында күміс жүлдеге қол жеткізген.

Ол 2019 жылы павлодарлық "Ертіс" қатарын толықтырды. Ал соңғы қос маусымда "Тобылдың" намысын қорғады және командамен бірге Қазақстан чемпионы атанды. Қостанайлық клуб жейдесінде 44 ойынға шығып, 7 гол мен 7 нәтижелі пасты өз атына жазды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар