Футбол
18 қаңтар 2023 12:02

"Астана" Франциялық футболшыға қатысты шешім қабылдады

©"Астана" ФК

Франциялық футболшы Жереми Манзорро екі жақты келісіммен "Астанадан" кететін болды. Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Жереми команда алтын жеңіп алған 2022 жылғы маусымда негізгі ойыншылардың бірі еді. Өткен жылы ол 25 матке қатысып, үш гол салған және сегіз ассист жасаған еді.

31 жастағы Манзорро Қазақстанда "Тобыл", "Шахтер" және "Ертіс" командаларында да ойнаған. 

Мұның алдында "Астана" өз сапына Солтүстік Македониядан Алекса Амановичті қосқан болатын. Сонымен бірге, астаналықтарға Черногория құрамасының қорғаушысы Жарко Томашевич те қосылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport