"Астана" Франция чемпионатындағы футболшымен қоштасты

© "Астана" ФК
Конго құрамасының шабуылшысы Фирмин Мубеле "Астана" сапынан кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

25 жастағы форвард қазақстандық клубқа 2019 жылдың шілдесінде қосылған. "Астана" оны франциялық "Тулузадан" жалға алған еді. 

Өткен маусымда Мубеле Қазақстан премьер-лигасында төрт матчте ойнап, бір гол салды және нәтижелі пас берді. Сонымен бірге, ол Чемпиондар лигасы іріктеуінде екі және Еуропа лигасы іріктеу кезеңінде бес матчте ойнаған.

Transfermarkt мәліметінше, "Астана" футболшыны ертерек қайтармақ. Ал осы жарты жылда Мубеле трансфері жарты миллионға арзандап, қазір екі миллион еуро құрайды. 
Жаңалықтар