"Астана" форварды Ұлттар Лигасы матчіне ойнау үшін құрама сапына шақыртылды

Рангело Янга. © "Астана" ФК
"Астана" командасының форварды Рангело Янга Кюрасао құрамасына шақыртылды, - деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Кюрасао құрамасы КОНКАКАФ аумағындағы Ұлттар Лигасында Гаити құрамасына қарсы 7 және 10 қыркүйекте екі матч өткізеді.

Янга құрама үшін 14 матчта он гол салған. "Астана" сапында  футболшы осы маусымда чемпионатта төрт гол және Еуропа Лигасында бір гол салды.