"Астана" форварды басқа клубқа ауыса сала бірінші матчте дубль жасады

Рамазан Каримов (сол жақта). © "Астана" ФК
"Астана" мен Қазақстан жастар құрамасының (U-21) шабуылшысы Рамазан Каримов жалға беру құқымен ақтаулық "Каспийге" ауысты, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

Жаңа клуб үшін бірінші матчте 20 жастағы Каримов жолдастық кездесу өткізген түркменстандық "Шагадама" қақпасына екі гол салды (2:0).

Өткен маусымда Каримов негізінен "Астананың" жастар құрамында ойнады. Сонымен бірге, негізгі құраммен Португалияға оқу-жаттығу жиындарында болды. 

"Каспий" өткен маусымда Қазақстан бірінші лигасының күміс жүлдегері болды және 19 жыл өте премьер-лигаға оралды.