"Астана" фк жаңа бас бапкерді таңдады

12 қыркүйек 2022 20:37
©Астана ФК

Григорий Бабаян "Астана" клубын жаттықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Елордалық ұжым жуырда қазақстандық маманды таныстыруы тиіс.

Бабаян осыған дейін 2013-2018 жылдары "Астана" командасын жаттықтырды. Бұған дейін жұмыс істеп келген Срджан Благоевич команданы биыл еурокубоктің топтық кезеңіне жеткізе алмады. Әзірге "Астана" Қазақстан чемпионатында 37 ұпаймен 2-орында тұр.

Еске салайық, жуырда Саян Хамитжанов елордалық клубтың бас директоры Тастанбек Есентаевтың кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Ал Хамитжановтың тұсында "Астана" ішкі біріншілікте 6 рет чемпион атанды. Сонымен қатар, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне бірнеше рет шыққан еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport