"Астана" Еуропа Лигасының қарымта матчіне 21 футболшы алды

Сурет: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©
"Астана" командасының футболшылары мен бапкерлер штабы Мальтаға аттанды, мұнда астаналықтар Еуропа Лигасының үшінші іріктеу турының қарымта матчін ойнайды. 

Кездесу 15 тамызда өтеді. Басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 00:00-де.

"Астана" бұл ойынға келесідей құраммен аттанды:
қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов;
қорғаушылар: Антонио Рукавина, Абзал Бейсебеков, Лука Шимунович, Евгений Постников, Жарко Томашевич, Дмитрий Шомко;
жартылай қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Рунар Мар Сигурьонссон, Иван Маевский, Юрий Перцух, Серікжан Мужиков, Марин Томасов, Дорин Ротариу, Дидар Жалмұқан;
шабуылшылар: Сергей Хижниченко, Рангело Янга, Роман Мұртазаев және Фирмин Мубеле.

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда өткен бірінші матчта "Астана" 5:1 есебімен ұтты. Бұл ойында гол салғандар Рунар Мар Сигурьонссон (дубль), Марин Томасов, Юрий Логвиненко және Рангело Янга.